СҚО-да мемлекеттік қызметке тұруға ниет білдірушілер саны артты

Авторы: Qyzyljar News

Биыл СҚО-да 1,5 мың адам мемлекеттік қызметке тұру үшін өтініш білдірген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Елена Степаненконың айтуынша, ниет білдірушілердің тек 31,1%-ы ғана заңнамаларды білуден өткен тестілеуде шекті балды жинай алды.

-Қазіргі таңда СҚО-да мемлекеттік қызметте 4 мыңға жуық адам еңбек етеді. Өткен жылмен салыстырғанда штат саны 14 бірлікке азайды. Кадрлардың 1,9% — ды ауысып кетті. Мемлекеттік қызметке 278 азамат өтті, — деді Елена Степаненко.

Өңірде мемлекеттік қызметшілердің 65% — ға жуығы әйелдер. Басшылық лауазымдарда – 488 нәзік жанды еңбек етуде.

— Сайлау туралы Заңға сәйкес департамент аудандық маңызы бар қалалар, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың құжаттарын мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкестігіне келісім береді. Жыл басынан бері 94 үміткердің құжаттары қаралды. Үшеуі лауазымдарға және білім беру мамандықтарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келмегендіктен өткізген жоқ, — деді Елега Степаненко.

Маманның сөзінше, облыстың мемлекеттік органдарында «Болашақ» бағдарламасының 6 түлегі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 17 түлегі қызмет етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz