Солтүстікқазақстандық «Sensitive» би театры АҚШ-тағы әлем чемпионатының финалына шықты

Авторы: Qyzyljar News

Шілденің 22-сі мен 31-і аралығында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Анахайм қаласында орындаушылық өнер түрлерінің 25-ші мерейтойлық әлем чемпионаты өтуде. Додада еліміздің абыройын асқақтатып, талайдың таңдайын қақтырған солтүстікқазақстандық «Sensitive» би театры әлемдік доданың финалына шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өнер сайысына әлемнің 72 елінен 3 мыңнан астам өнерпаз қатысып жатыр. Финалға солтүстікқазақстандықтардан бөлек АҚШ, Ирландия, Франция, Австралия, Тайланд, Канада мен Германия елдерінің өкілдері де өтті.
Ольга Ростовщикова жетекшілік ететін би театры музыканы құлағымен емес, жанымен сезінетін талант иелері. Бүгінде олар көптеген халықаралық байқаулардың жүлдегері атанып үлгерген.

Аталмыш додада алып күш иесі төрт дүркін әлем рекордшысы, Гиннестің рекордтар кітабының иегері және Қазақстанның алты дүркін рекордшысы, волейболдан спорт шебері, гір көтеруден спорт шеберіне үміткер, танымал балуан Сергей Цырульников те өзінің ерекше шеберлігін көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz