СҚО-да Әдеп кодексін бұзған 6 мемлекеттік қызметші жауапқа тартылды

Авторы: Qyzyljar News

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Елена Степаненко Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін 6 адам жазаланғанын айтты. Биыл облыстағы мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексін бұзғандар саны 45%-ға кеміген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мемлекеттік қызметшінің абыройына нұсқан келтіргені үшін тағы 7 адам жазаланды. Жалпы, биыл тәртіптік жаза саны 35%-ға кеміген. Былтыр 369 мемлекеттік қызметші жазаланса, биылғы жарты жылдықта 273 адам жауапқа тартылған.

-Департамент тәртіптік комиссиялардың жұмысына тұрақты негізде талдау жасайды. Биылғы жарты жылдықта тексерістің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшіге жасалған тәртіптік жаза актісінің күшін жойдық. 76 адамнан жаза мерзімінен бұрын алынды. Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуына қатысты 6 тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде 152 заңбұзушылық анықталды, — дейді Елена Степаненко.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz