СҚО-дағы Қозыбаев университетінде Аризона университетімен 2 диплом бойынша оқу бағдарламасы іске қосылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Салтанатты шараға Қазақстанның  Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек, СҚО әкімі Құмар Ақсақалов, АҚШ елшілігінің өкілдері және Аризона университетінің серіктестері,қызметкерлер мен студенттер және олардың ата-аналары қатысты, деп хабарлайды тілшісі.

Жаңа экономика құру үшін жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылға қарай беделді шетелдік университеттердің кемінде 5 филиалын ашу жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. Мемлекет басшысының осы тапсырмасын іске асыру мақсатында 2021 жылы Аризона университеті мен Білім және ғылым министрлігі арасында  меморандум жасалды. Бірлескен бағдарламаларда грант бойынша оқыту үш тілде — қазақ, ағылшын   және орыс тілдерінде, IT, инженерия, агротехногия бағыттары бойынша көзделген.

Биыл қос дипломды халықаралық бағдарламаларға еліміздің түкпір-түкпірінен 170 бала оқуға түсті. Ашылу салтанатында оларға екі университеттің маскоттарының арнайы қойылымы және естелік сыйлықтар табыс етіледі. Әрі қарай студенттер мен ата-аналардың Аризона университетінің өкілдерімен кездесті.

-Аризона университетімен ынтымақтастық туралы шарттарға қол қою маңызды.  Бұл жоба Қозыбаев университеті брендін жаңа деңгейге көтеруге, өңірден шықпай-ақ халықаралық білім алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ, дарынды жастарды тартып, оларды білікті кадрлармен қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, жоба өңірлерді кадрлармен қамтамасыз етуге және қазіргі заманғы оқу және ғылыми зертханалар құруға бағытталған, -деп хабарлады университет өкілдері.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz