Футболдан ел біріншігінің 21-ші туры аясында жергілікті «Qyzyljar» клубы өз алаңында алматылық «Қайрат» командасын қабылдады. Тартысқа толы ойын қонақтардың пайдасына шешілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Кездесу бастылысымен жерлестеріміз қарсылас қақпасын нысанаға алды. Алайда қонақтардың қақпашысы тепкен доптың бәрін қайтара алды. Солтүстіктікқазақстандық аяқдопшылар қанша шабуылдаса да, есепті «Қайрат» ойыншылары ашты. Ойынның 19-шы минутында Жуан Пауло да Силва гол соқты. Көп ұзамай қызылжарлықтар таразы басын теңестіре алды. Нәтижелі доптың авторы Элгуджо Лобжанидзе.
Ойынның екінші кезеңі де «Qyzyljar»-дың басымдығымен өтті. Кейбір сәттерде алматылықтар қарсы шабуылдарға шығып отырды. Дегенмен көпке дейін есеп өзгеріссіз болды. Тек матчтың негізгі уақытына қосылған үш минутта «Қайрат» жеңіс голын соғып кетті. Гол авторы Вячеслав Швырев.