СҚО-да 20 мыңға жуық адам үй салуға жер кезегінде тұр

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесіне кезекке тұрғандардың саны 20 мыңға жуықтады. Оның шамамен 16 мыңы Петропавлда 10 сотық жер алуға үмітті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биыл наурыз айында жеке тұрғын үй құрылысына қажет жер телімін алуға кезекке тұрғандардың бірыңғай ашық тізілімі жасалды. Оны egov.kz электронды үкімет порталынан көруге болады. Қазіргі уақытта 10 сотық жерге Петропавл қаласы бойынша 15 894 адам, облыс аудандарынан 3676 адам кезекте тұр.

– 2005 жылдан бастап осы күнге дейін СҚО-да жеке тұрғын үй салуға 7 600 жер учаскесі берілді. Оның 2 533-і – Петропавлда. Биыл облыс бойынша 106 жер телімі үлестірілді, оның тең жартысы облыс орталығынан берілді. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылғаннан кейін Петропавлда 2025 жылға дейін 2 547 жер учаскесін осы мақсатта беру жоспарланған. Солнечный кентінде 173 га -дан1574 учаске және Южный шағын ауданында 97 га-дан 973 учаске беріледі, — дейді басқарма басшысы Мейрам Меңдібаев.

Сондай-ақ қозғалмайтын мүлік нысаны ретінде жер нарығын дамыту қолға алынған.

– 2019 жылдан бастап биылғы жарты жылдыққа дейін 233 га – 1053 жер учаскесі коммерциялық мақсатта жекеменшікке берілді және 7 154 га 1331 учаске уақытша пайдалануға берілді. СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, осы аралықта жер сатудан бюджетке 1,5 млрд. теңге, жалға беруден 5 млрд. жуық теңге кіріс түсті, — дейді Мейрам Меңдібаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz