Петропавлда көктайғақ салдарынан үш күнде 50-ден астам адам жараланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соңғы күндері Петропавлда көктайғақ салдарынан зардап шеккендер саны күрт артқан.
– 4 қараша күні 22 адам, 6-7 қарашада 31 адам тайғанап құлап, жарақат алды.Осы ретте, тұрғындарға көктайғақтан құлап, қол-аяғы ауырған жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу қажеттігін ескертеміз, — делінген ақпаратта.