Петропавлда жол-көлік оқиғасында зардап шеккен үш баланың біреуіне ота жасалды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда дәрігерлер жол-көлік оқиғасында ауыр жарақат алған балалардың жағдайы туралы айтты. Біреуіне ота жасалса, екеуі жансақтау бөлімшесінен шығарылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлдың Жұмысшы кентінде жеңіл көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, адамдар тұрған аялдамаға соғылды. Салдарынан бір әйел, үш бала ауыр жарақат алды. Жапырылып қалған павильон астында қалған балалардың екеуінің жасы 7-де, үшіншісінің жасы – 12-де. Олардың барлығы облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жедел жәрдем қызметімен жеткізілді.

– Егіздер алдымен хирургия бөлімшесінде тексерілді, олардың ішіне зақым келгені анықталғандықтан, жансақтау бөлімшесіне ауыстырылды. 12 жасар бала жарақат бөлімшесінде қаралды, оның аяғы сынған, тізе буынына дейін үлкен жарақат бар, миына зақым келген. Жасөспірім жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Бұл балаға жедел түрде ота жасалып, аяғына металл құрылғы қойылды. Өйткені сүйегі сынып, сынықтары орнынан жылжып кеткен. Ота екі сағатқа жалғасты. Алайда ауыр жарақат бұл емес, баланың санынан тізе буынына дейін жырылып, еті жұлынған. Жарақат 40 см шамасында. Қалпына келуі үшін бірнеше ай керек, — дейді облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігері Шыңғыс Нұрғалиев.

Дәрігердің айтуынша, жасөспірім әлі күнге жансақтау бөлімшесінде жатыр, жағдайы ауыр. Бірақ есін біледі, өздігінен дем алып жатыр. Денсаулығында оң өзгеріс бар.

– 7 жастағы егіздер хирургия бөлімшесіне ауыстырылды. Жағдайлары орташа ауыр. Қазіргі уақытта жарақат алған балалар туралы қандай да бір болжам жасауға ерте. Өмірлеріне қауіп жоқ, — дейді Шыңғыс Нұрғалиев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz