Қазақстанда бензин мен дизель бағасын реттеу мерзімі шектелмейтін болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі 2023 жылы қаңтардың 11-і күнгі бұйрығымен бағаны мемлекеттік реттеу мақсатында белгіленген мұнай өнімдерінің тізбесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұған дейін бензин мен дизель отынын жанар-жағармай құю бекеттерінде сату бағасы 180 күнге белгіленіп, қажет болған жағдайда ұзартылатын.

Бағаны мемлекеттік реттеуге жататын мұнай өнімдерінің тізбесі өзгеріссіз қалды.

Бұған дейін белгіленген бензин мен дизель отынының бағасы да өзгерген жоқ.

Қазіргі баға:

АИ-80 бензині – литрі 89 теңге;

АИ-92 және АИ-93 бензині:

  • Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – литрі 187 теңге;
  • Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында – литрі 182 теңге.

Тәулігіне 100 литр көлеміндегі дизель отынын қазақстандық жүргізуші куәлігін көрсетіп, 230-260 теңгеге сатып алуға болады.

Жүк көліктері, арнайы, мамандандырылған көліктер мен автобустар үшін бір тәуліктегі лимит өңірге байланысты 300 литр, ал бағасы 230-260 теңге болады. Осы баға бойынша дизель құю үшін Қазақстан Республикасында көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсету қажет.

Қалған санаттағы тұлғаларға, сондай-ақ белгіленген лимиттен көбірек алатын адамдарға дизель отыны литріне 450 теңгеден сатылады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz