Үш жүк көлігінің жүргізушісі жазаланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Республикалық трассада жүк көліктерінің рұқсат етілген салмағын асыру фактілері анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Астана – Петропавл бағытындағы А-1 тас жолына шыққан  «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мамандары көлік бақылау инпекциясымен бірлесе рейд жүргізді. Нәтижесінде белгіленген талаптарды бұзған 3 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды.

– Республикалық трассада жүк көліктерінің салмағы 10 тоннадан аспауы қажет. Өкінішке қарай, бұл талаптарды сақтамағандар табылды. Олар Әкімшілік кодексінің 571-бабы, яғни жолаушыларды және жүкті тасымалдау ережелерін бұзуға қатысты жазаға тартылып, техникалары тәркіленді. Құқық бұзған жүргізушілер 335 980 теңге көлемінде айыппұл төлегеннен соң темір тұлпарлары иелеріне қайтарылады, – дейді «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК СҚОФ баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz