229
Маусымның 13-і күні сағат 10:00-де Петропавлдағы Алматы көшесіндегі магистральды су құбырын жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жөндеу жұмыстары кезінде «Қызылжар су» ЖШС 127 нысанды судан ажыратады. Бұл тізімге 68 көпқабатты баспана, 39 ұйым және жеке түрғын-үй секторындағы 20 үй кірген. Қалалықтарды тіршілік нәрімен қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорын суды арнайы көлікпен жеткізетін болады.