СҚО полицейлері 3 күннің ішінде 7 жасөспірімді есепке қойды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Маусымның 7-сі мен 9-ы күндері аралығында облыс аумағында «Жасөспірім» жедел-алдын алу шарасы өтті. Тәртіп сақшылары түнгі көшелерде, көңіл көтеру орындарында және жастар жиналуы мүмкін жерлерде рейдтер жүргізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз сағат 23:00-ден бастап тұрғын үйден тыс жерде жүрулеріне болмайды. «Жасөспірім» акциясы аясында 3 күннің ішінде облыста осы талаптарды бұзған 125 адам анықталды. Барлық жағдайда ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ іс-шара кезінде із-түссіз жоғалған 17 жастағы жасөспірім табылды. Ажырасқан ата-ананың ұлы туысының үйінде тұрған, бірақ демалыстың алғашқы күндерінде үйден кетіп қалған. Уайымдаған әйел полицияға жүгінген.

— Аталған жасөспірім бұрын полицияның есебінде болмаған. Оны бірнеше тәулік бойы іздедік. Полицияның сыртқы қызметтері жұмылдырылды. Жасөспірімді 9 маусымға қараған түні жедел уәкілдер тауып алды. Ол қала көшелеріне шығып, қаңғыбастықпен айналысқан. Қызылжар ауданының Архангелка ауылындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Оған қатысты материалдарды кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қарау жоспарланып отыр, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz