Орталық коммуникациялық қызметі өткізген баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, биыл 3 мыңнан астам отбасыға пәтер кілттері табысталады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бүгіндері облыста 36 көпқабатты тұрғын үй тұрғызылуда. Оның 16-сы коммерциялық, қалғаны мемлекеттік бағдарламалар аясында салынып жатыр. Облыс әкімдігінің мәліметінше, биыл өңірде 300 мың шаршы метр баспананы халық игілігіне беру жоспарланып отыр.
Бүгіндері тұрғын үй кезегінде 20 мыңнан астам адам тұр, оның төрттен үш бөлігі облыс орталығында тұрады. Бұл мәселені шешу үшін жыл сайын құрылыс көлемін арттыру жоспарланып отыр.