Жоғалтып алған телефонын полицей тапты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл тұрғыны жоғалған телефонын табуға көмектескен полицейге алғысын білдірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Маусымның 20-сы күні қала тұрғыны ұялы телефонын таксиде қалдырып кеткен. Ол бірден Петропавлдағы мәдениет және демалыс саябағының жанында тұрған модульдік полиция бекетінің қызметкерлеріне жүгінген. Ер адам көліктің маркасын да, нөмірін де есіне сақтамапты.

Кезекшілікте болған полицей Бауыржан Жаров таксидің диспетчерлік қызметіне хабарласып, көлікті анықтады. Телефонына қол жеткен соң петропавлдық тұрғын полиция қызметкері Бауыржанға алғысын жеткізді.
Тәртіп сақшылары модульдік бекеттер, сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерде орналасқан «SOS» түймелері полиция қызметін халыққа жақын әрі қолжетімді ету мақсатында қойылғанын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz