Жолды күтіп-ұстауға жауапты 220 азамат жауапқа тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста әкімшілік полицейлер 30 мың шақырымнан астам автожол мен көше-жол желісін тексерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 327 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 39 адам қаза тапты, 463 адам түрлі дене жарақатын алды.

Осы жылдың 10 айында әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жол және коммуналдық қызметтердің өкілдерімен бірлесіп, жолдар мен көше-жол желісіне 1683 тексеру жүргізді. Мониторинг барысында 29640 км-ден астам жол қамтылды. Аталған жұмыстар барысында жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін 5847 кемшілік анықталды. Оларды жою бойынша 1041 ұйғарым берілді. Нәтижесінде жолды күтіп-ұстауға жауапты 220 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полицейлер темір жол өткелдерінде 438 тексеру жүргізді, оның барысында жол қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін 134 кемшілік анықталды. Оның нәтижесінде 26 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол инфрақұрылымын тексеру, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларына қатысты заңбұзушылықтарын ескерту бойынша профилактикалық рейдтер жүргізу жалғасып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz