Облыстағы агроөнеркәсіп кешенінің субъектілері улы химикаттардың қозғалысы туралы есептерді тапсырмаған. Сондай-ақ оларды уақытында уәкілетті органға жібермеген. Бұл фактілерді прокурорлар анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Прокурорлардың талдауы көрсеткендей, пестицидтердің қозғалысын нақты есепке алмау, сақтау ережелерін бұзу, субъектілердің фитосанитарлық есеп беруін ұсынбау, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйіне әсер ететін басқа да өрескел бұзушылықтар анықталды.
«Өсімдіктерді қорғау туралы» заңды бұза отырып, агроөнеркәсіптік кешен инспекциясының бақылауынан тыс 64 кәсіпкерлік субъектілері пестицидтерді сату бойынша іс-шаралар өткізген. Алайда 2022 жылы инспекция қызметкерлерінің есебінен тыс 2,2 миллион литр пайдаланылған улы химикаттар қалған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жіберілген бұзушылықтарды жою және кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданып жатыр.
– Қадағалау органы агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне фитосанитарлық есеп беру және улы химикаттарды сақтау талаптарын бұзғаны үшін Әкімшілік кодекстің 403-бабы бойынша әкімшілік айыппұл қарастырылғанын (51 750-ден 1 725 000 теңгеге дейін) еске салады және соңғыларын қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауға шақырады, – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.