Петропавлды Жаңа жыл мерекесіне орай безендіруге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінбейді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қала әкімі Серік Мұхамедиевтің айтуынша, Петропавлда мұз қалашықтары 7 алаңда тұрғызылады. Ал шаһарды безендіру жұмыстарына кәсіпкерлер тартылады.
– Облыстық және қалалық әкімдік маңындағы алаңдарда, «Береке» мен «Жас өркен» шағынаудандарында, Жеңіс саябағы мен Пестрое көлінің жағалауында мұз қалашықтары салынады. Көшелерді безендіруге кәсіпкерлер көмектеседі, — дейді Серік Мұхамедиев.