СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Арман» тірек-қимыл аппараты зақымданған балаларға арналған орталыққа барды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ғауез Торсанұлы орталық тәрбиеленушілерін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, балалар үшін көтергіш механизмі бар арнайы шағын автобусты сыйға тартты. Кейін өңір басшысы отбасылық үлгідегі балалар ауылына барып, әрқайсысына велосипед сыйлады.
– Балалар ауылында талантты балалар көп. Олардың шығармашылығын қабілетін дамыту мақсатында жаңа фортепиано сатып алынды, — деп жазды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында облыс әкімі.