Аяз ата мен Ақшақар көлік жүргізушілерін тоқтатты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да патрульдік полицейлер Аяз ата мен Ақшақар болып киініп, жүргізушілерді келе жатқан мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жол қозғалысының қатысушылары үшін профилактикалық сипаттағы акция өткізді. Тәртіп сақшылары Нұрбек Байлин мен Вера Остроглядова Аяз ата мен Ақшақар болып киініп, автокөліктерді тоқтатты. Олар жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет екенін айтты.

2023 жылдың 11 айында облыс орталығында 201 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 231 адам жарақат алды, 2 адам көз жұмды. Жыл басынан полиция басқармасы құрамындағы ППБ жеке құрамы түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 3750 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz