Облыс әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

ҚР Президентінің Әкімшілігінің келісімімен, СҚО әкімінің өкімімен Руслан Қанатханұлы Әлішев Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Руслан Қанатханұлы 1978 жылы дүниеге келген, СҚО тумасы.

СҚМУ және Көкшетау университетін тарих және құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары СҚО ішкі саясат басқармасының басшысы, Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары, СҚО әкімінің  әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары болды.

Сондай-ақ, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры,  «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының саяси жұмыс департаментінің директоры лауазымдарын атқарған.

Бұл тағайындауға дейін Руслан Әлішев «AMANAT» партиясының хатшысы қызметін атқарып келді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz