Облыста жіті респираторлық вирустық инфекция мен тұмауды жұқтырғандардың қатары артуда. Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері өңірде ЖРВИ-ге 78 мыңнан астам науқас тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңірде ЖРВИ-мен ауырғандар 78 728 адам және тұмау жұқтырғандар саны 58-ге жетті.
– Өткен эпидемиялық маусыммен салыстырғанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың 1,9 есеге өскені байқалады. Әсіресе 14 жасқа дейінгі балалар арасында 51 174 жағдай тіркелген. Барлығы 58 А типті жағдай (H3N2). Жұқпалы дертке Петропавлда шалдыққандар көп. Олардың саны — 27 адам, — дейді баспасөз қызметіндегілер.
Аудандар арасында тұмаумен сырқаттанушылық бойынша бірінші орында — Қызылжар, одан кейін М. Жұмабаева, им. Ғ. Мүсірепов атындағы және Аққайың. Тайынша, Мамлют және Тимирязев аудандарындары.