Нанның бағасын негізгіз көтерген кәсіпкер анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңірде нанның бағасын негізсіз көтерген кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінде айтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Дроздова И.С» жеке кәсіпкерлігі «ПХБК» ЖШС-ден бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған нанды сатып алып, оны 43,6 пайызға қымбат сатқан. Бизнесмен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 204-4-бабына сәйкес ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осылайша кәсіпорын иесіне бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының бөлшек саудадағы бағасын қолданыстағы заңнамаға сай төмендету ұсынылды.

Мамандардың сөзінше, егер бір жылдың ішінде бағаны көтеру фактісі қайталанса, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне 10 АЕК көлемінде, орта кәсіпкерлікке 75, ал ірі кәсіпкерлік субьектілеріне 300 АЕК көлемінде айыппұл салынатын болады.

Жыл басынан бері тауарлық үстеменің белгіленген мөлшерінен асып кету фактілері бойынша 19 материал қаралған. Нәтижесінде 15 факті бойынша кәсіпкерлік субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz