«Ботай» археологиялық ескерткішінің құрылысына 154 млн. теңге бөлінеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл өңірдің сәулет және қала құрылысы саласына жергілікті бюджеттен 2 млрд. 800 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінеді. Қаржының дені көпқабатты үйлердің құрылыс жұмыстарына бағытталатын болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышканттың айтуынша, қаражат мәдениет саласындағы құрылыс жұмыстарына да қарастырылған. Мәселен, «Ботай» археологиялық ескерткішін тұрғызуға 154 млн. теңге бөлінеді.

– Қарасай-Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенінің ғылыми-реставрациялау жұмыстарын рәсімдеуге 3,5 млн. теңге жұмсалады. Бұдан бөлек, облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасына да бюджеттен қаражат бөлінеді. Шамамен 170 млн. теңгеге жуық қаржы қарастырылған. 500 млн. теңге елді мекендердегі спорттық нысандардың, соның ішінде үстел теннисі орталығы мен хоккей кортының құрылысына бағытталады, — деді Наталья Дышкант.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz