Петропавлда тұрғын үй құрылысына 28 млрд. теңге жұмсалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы құрылыс саласына соңғы жеті айдың ішінде 28 млрд. теңге қаражат құйылды. Нәтижесінде 50,5 мың шаршы метр көпқабатты тұрғын үй тұрғызылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

Қала әкімі Серік Мұхамедиевтің айтуынша, биыл қолданысқа берілген тұрғын үй саны артты. Заманауи көпқабатты баспаналардың дені «Жас өркен», «Береке» және «Орталық» шағынаудандарында тұрғызылды. Өкініштісі, кейбірінің құрылысы аяқталғанымен, әлі күнге дейін мердігер компаниялар инфрақұрылым желілерін тартумен әлек.

– Құрылыс жұмыстарының көлемі 7 айда 28,1 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 100,4%. Бұл жақсы көрсеткіш. Биыл мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынатын баспаналардан бөлек, коммерциялық үйлер де тұрғызылуда. Жыл соңына дейін жоспарланған жұмысты уақытылы аяқтауға сенім бар., — дейді қала әкімі. 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz