Петропавлдықтарды «Мәңгілік алаудың» жағдайы алаңдатып отыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Әлеуметтік желілерде Петропавлдағы  «Мәңгілік алаудың» жанына  сыра бөтелкелері, пластик құтылар мен темеке тұқылы үйіліп қалған  суреттер пайда болды.   Қалалық ТҮКШ  бөлімінде мемориалдың күтіміне қатысты  түсініктеме берді, деп хабарлайды   Qyzyljarnews.kz тілшісі.

2-ші  мамыр күні Петропавлда кезекті жалпықалалық  сенбілік өткенімен,   «Мәңгілік алауға» ешкім көңіл бөлмеген  секілді.    Мемориалдың   жағдайына алаңдаған азаматтар осы  мәселені көтеріп, көпшіліктің назарын  аударды. Әлеуметтік желілерде суреттер тез тарап, қолданушыларыдң ашу-ызасын тудырды.

— «Мәңгілік алауды» санитарлық тазалау жұмыстары екі апта сайын, сондай — ақ қоқыстануына қарай жүргізіледі. Біз өз тарапымыздан қалалықтарды мемориалдың жанын ластамауға шақырамыз, — деді ТҮКШ өкілдері.

Петропавлда  Жеңістің 77 жылдық мерейтойына орай ҰОС-ға арналған 22 нысанды жөндеу және қалпына  келтіру жоспарланып отыр. Айта кетейік, «Мәңгілік алау» мемориалдық кешенінде аталған жұмыстар аяқталды.

Фото ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz