Оңтүстіктен теріскейге қоныс аударатындарға көрсетілетін әлеуметтік көмек көлемі өседі

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, елімізде «Dauletten» қайырымдылық қорының жұмысы аясында «Бала-шағамен солтүстікке» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында 1300 адам оңтүстіктен солтүстік өңірлерге көшуге өтініш білдірген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстікке қоныс аударғылары келетін жандардың көпшілігі – Түркістан, Маңғыстау облысының тұрғындары. Ералы Тоғжановтың айтуынша, қоныс аударушыларды қолдау бойынша солтүстікке көшуге ниет білдіргендер үшін атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін ұлғайту қарастырылып жатыр.

-Мұны Парламентке енгіземіз деп ойлаймын. Солтүстікке көшуге ниет білдіргендер үшін атаулы әлеуметтік көмек мөлшері ұлғаюы мүмкін. Бұл ұсыныс талқыланып жатыр, оны Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне енгіздік. Білім министрлігінің «Серпін» бағдарламасы, «Бала — шағамен солтүстікке» жобасы бар. Әлеуметтік кодекс аясында да жобалар талқыланады, — деді Ералы Тоғжанов.

Айтуынша, қоныс аударушыларға әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім жыл соңына дейін қабылдануы мүмкін.

Фото: ашық дереккөздерден

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz