СҚО-ға Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы келді

Авторы: Qyzyljar News

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин өңірде жұмыс сапарымен болып, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум мен басқа да саяси реформаларды түсіндіруге арналған кездесулерге қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оқушылар  сарайында облыс активімен өткен алқалы бас қосуды ашқан өңір басшысы Құмар Ақсақалов Ата Заңға енгізілетін өрелі өзгерістер қоғамдағы саяси процестерді терең демократияландыру бағытындағы іргелі қадам екенін атап өтті.

– Қоғамдық құндылықтарды жаңарту және ұлттың жаңа келбетін қалыптастыру – бүгінгі уақыт талабы. Осыған орай облыста құрамына 23 адам кіретін арнайы  штаб құрылып, жер-жерлерде түсіндіру шараларына белсенділікпен кірісті, – деді Құмар Іргебайұлы.

Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин қолданыстағы Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша алдын ала жан-жақты сараптамалық пікірлер жинақталғанына тоқталды.

– Конституцияға енгізілетін өзгерістер Президенттің 2019 жылы бастаған бүкіл саяси реформасының қисынды жалғасы деуімізге толық негіз бар. Бүгінде дамудың жаңа  кезеңінде Қазақстанды зор саяси жаңғыртулар күтіп тұр, оны конституциялық реформасыз  жүзеге асыру мүмкін емес. Ата Заңның үштен бірі жаңарады. Жүйелі  сипатқа ие жаңғыртуларды әрбір қазақстандық жете сезінетін болады, – деді Ерлан Тынымбайұлы.

Жиында облыстық мәслихаттың депутаты Біржан Жалғасбаев, «Барс-NORD» ЖШС-ның директоры Владимир Богданов, облыстық мәслихаттың депутаты, «Ақ жол» партиясы жергілікті филиалының жетекшісі Евгений Кинцель, Тимирязев аудандық мәслихатының хатшысы Айман Асанова және тағы басқалары сөз сөйлеп, еліміз үшін маңызды және тағдыршешті қадам саналатын республикалық референдумға бір кісідей қатысып, дауыс беруге шақырды.

Мемлекеттік хатшы облыстық, қалалық қоғамдық кеңес өкілдерімен және  белсенді жастармен өткен  кездесуде де Конституцияға енгізілетін өзгерістерді жан-жақты түсіндірді.

Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz