СҚО-да Есіл өзені мен алты көл қауіпті аймақтар тізіміне енді

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстікқазақстандық  құтқарушылар шомылу маусымына дайындалуда. Өңірдегі бірқатар су айндындарындағы жағдай алаңдаушылық тудырып отыр,   деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz  тілшісі.

Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Марат Мұратовтың айтуынша,  облыстағы ең қауіпті су айдындары — Есіл өзені мен   Пестрое, Соленое, Лебяжье, Үлкен Тораңғұл, Шалқар және Имантау көлдері.

— 12 көл мен Есіл өзенінде орналасқан 58 жағажайда  ғана шомылуға рұқсат етіледі. Өткен жылы біздің облыста 22 адам суға кетті, оның алтауы бала.  Соңғы 9 жылда бейресми бұқаралық демалыс орындарында 211 адам, оның ішінде 33 бала қаза тапты. Ал жабдықталған жағажайларда бірде-бір қайғылы оқиға болған жоқ, — деді Марат Мұратов.

Мырзабай БЕЙСЕН

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz