Петропавлдағы модульдік ауруханаға 7 миллиард теңге негізсіз жұмсалған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«BI Group»  корпорациясы еліміздің бес өңірінде  тұрғызған модульдік ауруханалар бойынша жүргізілген аудиттің қорытындысы шықты.  Бұл туралы Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz  тілшісі.

Тексерілген клиникалардың қатарында  Петропавлдағы модульдік  аурухана да бар.  Онда 7 миллиард теңге  негізсіз жұмсалғаны анықталды.

— СҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2021 жылы жүргізген аудит нәтижелері бойынша «СҚО әкімдігінің құрылыс басқармасы»  мекемесі мен «KAZPAKO» ЖШС арасында 2020 жылғы 19 тамызда Петропавл қаласында жалпы сомасы 7 038 000 теңгеге 200 төсекке арналған модульдік аурухана кешенін сатып алу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанын анықтады.  Бұл ретте мемлекеттік органдарда бухгалтерлік есеп жүргізу ережелерін бұзу анықталды, — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ инфекциялық модульдік аурухананы ұстауға жұмсалған шығыстардың мақсатын анықтау бойынша  «СҚО фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК-да тексеріс жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша  жалпы сомасы 7 067 844,1 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықтады.

Аудит қорытындысы бойынша құны  7 038 000 мың теңгеге салынған   модульді аурухана ғимараты кәсіпорын балансына қабылданды.  29 844,1 мың сомасындағы коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеу үшін  кәсіпорын «KAZPAKO» ЖШС-дан шығындарды өндіріп алу туралы талап арыз берілді.

Фото: Талғат Тәнібаев.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz