Павлодарда өткен республикалық турнирден солтүстікқазақстандық 4 кикбоксшы жүлделі оралды

Авторы: Qyzyljar News

Павлодарда өмірден озған Қазақстан Республикасы жаттықтырушыларын еске алуға арналған кикбосингтен республикалық турнир өтті. Байрақты бәсекеге 4 солтүстікқазақстандық спортшы қатысып, барлығы да жүлдемен оралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Спорт сайысына ер адамдармен қатар, бұрымды спортшылар да қатысты. Теріскейлік Альбина Вахитова 75 килограмм салмақ дәрежесінде ақтық сынға жолдама алды. Финалда кикбосшымыз Нұр-Сұлтан қаласы командасының өкілімен бақ таластырып, алтын жүлде иеленді.

Ұлдар арасында 91 килограммнан жоғары санатта Николай Логинов күміс жүлдені еншелесе, 60 келіде Аслан Асылбеков пен 63 килограмм дәрежесінде жұдырықтасқан Амантай Қасымов қола медальға қол жеткізді. Кикбосингтен облыстың аға жаттықтырушысы Әділ Нұржауыповтың сөзінше, алда үлкен дода күтіп отыр.

– Жарыс лоу-кик бағыты бойынша ұйымдастырылды. Бұл сынға еліміздің барлық өңірлерінен командалар келді. Бірінші орынға жеткендер тамыз айында Түркияның Конья қаласында өтетін Ислам ойындарына қатысады, – дейді Әділ Нұржауыпов.

Фото: облыстың аға жаттықтырушысы Әділ Нұржауыповтан

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz