СҚО-да сотталған 12 адамға электронды білезік тағылды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да тәртіп бұзған 12 сотталғанға электронды білезік тағылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 «Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары» бұйрығына сәйкес пробация қызметінің есепке алынған адамды бақылауды қамтамасыз ету үшін электрондық бақылау құралдарын пайдалануға негіз бар. Жазаны өтеу шарттары мен тәртібін жиі бұзатын, сондай-ақ бірнеше ескертуі бар сотталғандар электрондық қадағалауға алынатын болады.
Қызылжар ауданының пробация қызметі бөлімі алғаш рет жазаны өтеу шарттары мен тәртібін жүйелі түрде бұзған 12 сотталушыға электронды білезік салды. Енді сотталғандарды компьютер немесе смартфон арқылы бақылай алады.

– Сотталғандарды қашықтан бақылау жүйесі қайта қылмыс жасау қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Есепте тұрған адам режімді бұзған жағдайда жауапты инспектордың компьютеріне белгі түседі, — деп атап өтті Қызылжар ауданының ТЖБ бастығы Ерлан Арынғазинов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz