Профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша «Қызылжар Су» ЖШС-ына 8,5 млн. теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Кәсіпорын көрсететін қызметтің негізгі түрі — Петропавл қаласының аумағында орналасқан Петропавл қаласының тұрғындарын, өнеркәсіп кәсіпорындарын, ауруханаларды, мектептерді, балабақшаларды және басқа да мекемелерді шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ жалпы қалалық тазарту құрылыстарында шаруашылық және өнеркәсіптік сарқынды сулардың қоспасын тазарту, су дайындау станциясында су құбыры суын тазарту.
— Қоршаған ортаға теріс әсер ететін автомобильдер мен өзге де көлік құралдары үшін белгіленген жол берілетін шығарындылар нормативтерін бұзғаны үшін 153 150 теңге, Қалдықтарды басқару жөніндегі операцияларға қойылатын экологиялық талаптарды бұзғаны үшін — 459 450 теңге айыппұл салынды. Кәсіпорын міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасамай – ақ қызметті жүзеге асыруға жол бергені үшін ҚР ӘҚБтК 230-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін байқайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Кәсіпорын бұл бұзушылықпен келіспеді – 2022 жылғы 29.11. арналған әкімшілік істі қарау уақыты мен орнын белгілеу туралы ұйғарым жіберілді.
Кәсіпорын өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының шарттарын іске асырмағаны үшін- 306 300 теңге айыппұл салынды. Нормативтен тыс эмиссияларға (ШЖБ нормаларынан асып кетуге), сондай – ақ экологиялық рұқсатта көзделмеген нормативсіз ингредиент (ластаушы зат) — мырышты төгуге жол берілді.
Жоғарыда аталған бұзушылықтарды жою мақсатында кәсіпорынға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 3-бөлігіне сәйкес экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңды тұлғаға жалпы сомасы 8 473 093 теңгеге айыппұл түрінде ҚР ӘҚБтК 230-бабы 2-бөлігі, 325, 328-бөлігі 1, 333-бөлігі 1, 344-бөлігі 4 бойынша 5 әкімшілік жаза қолданылды.
Сонымен қатар, ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 3-тармағы 1) тармақшасының негізінде, департамент анықталған өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізеді, — делінген СҚО экология департаменті таратқан хабарламада.
Фото: ашық дереккөздерден.