«Қызылжар су» ЖШС су және кәріз желілерін жөндеу жұмыстарын жалғастырмақ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл «Қызылжар су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2023 жылға арналған инвестициялық жоба шеңберінде қаладағы тозығы жеткен су құбырларын жаңартып, кәріз желілерін күрделі жөндеуден өткізді. Кәсіпорын соңғы сегіз айдың ішінде атқарылған жұмыстарды қорытындылап, облыстық тариф құру мәселелері жөніндегі комиссия мүшелеріне, жергілікті атқарушы билік өкілдері мен журналистер қауымына  баспасөз турын ұйымдастырды6 деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Баспасөз турының қатысушыларына «Қызылжар су» серіктестігі жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілген нысандар көрсетілді. Белгілі болғандай, 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға 225 млн. теңге қарастырылған.  Нәтижесінде су құбырлары жаңасына алмастырылып, кәріз желілеріне күрделі жөндеу  жүргізілген.

– Биыл кәсіпорын 4,6 шақырымды құрайтын су құбырын  ауыстырды. Су желілерінің 2,5 шақырымы жаңғыртылып, 0,9 шақырым кәріз желісі  жөндеуден өтті. Қазіргі уақытта Нұрсұлтан Назарбаев көшесі бойындағы кәріз құбырлары жаңасына алмастырылып жатыр. Оның диаметрі — 225 мм, ұзындығы 199 метрді құрайды.  Бұл мақсатқа 7,1 млн. теңге бөлінді, — дейді   кәсіпорынның атқарушы директоры Арман Саутов.

Оның айтуынша, су және кәріз желілерін жаңарту жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады. Бұл мақсатқа 163,8 млн. теңге қарастырылған.

– Кәсіпорынға тиесілі 1-ші және 2-ші су сору стансаларындағы барлық құрылғылар  жаңартылды. Оларды мамандарымыз тексеріп шықты. Қыс уақытында бұл нысандарда апаттық жағдайлар тіркелмейді деп ойлаймын, — дейді Арман Саутов.

Серіктестік мамандары биылғы  қыста тіркелген апаттық құбырларды жөндеуден өткізді. Ал көктемде кәсіпорын төтенше жағдайлар орын алған жерлерде қалыпқа келтіру жұмыстарын атқарды. Нәтижесінде коммуналдық компания өз қаражаты есебінен 1290 шаршы метрді қамтитын аумаққа асфальт жамылғысын төседі.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz