СҚО-да 10 мыңнан астам бала мемлекеттен көмек алады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биылғы жыл  Мемлекет басшысының ұйытқы болуымен    балалар жылы болып белгіленді,   деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО-да өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына, олардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жағдай жасауға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ шығармашылықты дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру жоспары жасалды.

— 600 млн. теңге көлемінде  демеушілік көрсетілді.  Бүгінде мемлекеттен 10 мыңнан астам бала (10 635) немесе оқушылардың 15%, колледж студенттерінің 467 немесе 4% — дан астамы көмек алуда. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 8,5 мыңнан астам (8703) немесе колледж студенттерінің 80% оқиды. 2022-2023 оқу жылына арналған 9-сынып түлектері үшін техникалық және кәсіптік орта білім ұйымдарында  мемлекеттік тапсырыс 300 орынға ұлғайтылды. Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттермен 95,2 млн. теңгеге 2256 бала қамтамасыз етілді, — деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов.

Сондай-ақ, әкім орынбасарының айтуынша, «жайлы мектеп» жобасы аясында соңғы жылдары облыста 4 жаңа мектеп салынды. Қазіргі уақытта Тайынша ауданында 720 орындық екі мектептің құрылысы жүргізілуде (Тайынша қаласы 600 орындық, Вишневка ауылы 120 орындық).

2025 жылға дейін Петропавл қаласында 3,3 мың орындық тағы 4 мектеп іске қосылады.

— 4 жыл ішінде 327 білім беру нысаны жөнделді. Бұл облыс мектептерінің 70% — ын жаңартуға және 40 мыңнан астам оқушы үшін жайлы және қауіпсіз оқу жағдайын жасауға мүмкіндік берді, — деді Марат Тасмағанбетов.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz