Петропавл оқушылары Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығы мен өмірі туралы өз білімдерін көрсетті

Авторы: Qyzyljar News

Балалар жылы аясында облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығымен бірлесіп Петропавл қаласының жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Ғ. Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына және ескерткіштерді қорғау апталығына арналған «Брейн-ринг» зияткерлік ойынын өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Дарын» және «Лорд» мектеп-лицейлерінің, «Бэст»гимназиясының 8 сынып оқушыларынан құрылған 3 команда зияткерлік ойында бақ сынады. Турнир 4 раундтан тұрды: «Блиц-сұрақтар», » Кім жылдам?», «Фото сұраулар», «Қара жәшік». Сұрақтар мен тапсырмалар Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы, сондай-ақ біздің облыстың ескерткіштері мен тарихи орындары туралы білімді анықтауға бағытталған.

Ойында «Дарын» мектеп-лицейінің командасы жеңіске жетті, екінші орынды «Лорд» мектеп-лицейі, үшінші орынды «Бэст» гимназиясы иеленді. Барлық командалар дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды, ал жеңімпаздарға арнайы кубок табысталды.

-Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақты өз мемлекетінің тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауға, туған өлкенің тарихын зерделеуге, білімқұмарлыққа тәрбиелеу мақсатында өткізіледі. Мұндай кездесулер балаларға тапқырлық танытуға, өзін — өзі көрсетуге, батыл болуға көмектеседі, — деп атап өтті зияткерлік ойынды ұйымдастырушылар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz