Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының әскери қызметшілерінің балалары үшін жаңажылдық ертеңгілік өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

2022 жылғы 26 желтоқсанда Петропавл қаласының оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының әскери қызметшілерінің балаларына арналған жаңажылдық ертеңгілік өтті, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ұлттық ұлан академиясы жыл сайын әскери қызметшілердің балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырады.  Бұл жолы балалар корпоративіне 100-ден астам бала жиналды.

Іс-шара Аяз Ата, Ақшақар және басқа да ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен ойын-сауық қойылымынан басталды. Жас көрермендер үшін түрлі байқаулар мен викториналар өткізілді.

Сондай-ақ, іс-шара барысында ЖОО әскери қызметшілерінің балалары арасында Үздік жаңа жылдық құттықтауға арналған бейнеконкурста жеңіске жеткен балалар марапатталды.

Іс-шара соңында Аяз Ата барлық қатысушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, балаларға тәтті сыйлықтар табыс етті.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz