Президент Парламент Сенатының отырысына қатысты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Президенттің қатысуымен Парламент Сенатының отырысы өтті. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев отырыстың күн тәртібін жариялап, дауысқа салды, деп хабарлайды  qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенаты депутаттарының алдында сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы алдымызда тұрған негізгі мақсат еліміздегі тұрақтылықты, қауіпсіздікті сақтап қалу, Қазақстанның жарқын болашаққа қарай қарқынды дамуына жол ашып беру екенін атап өтіп, келесі жылы барлық саладағы реформалар жалғасын табатынын жеткізді.

-Биыл еліміз зор қатерге тап болды. Дегенмен біз қиындықтың бәрін еңсердік. Барлық салада жүйелі реформаларды қолға алдық. Үш жарым жыл бұрын басталған саяси өзгерістер биыл тың қарқынмен жалғасты. Реформаның ауқымы кеңейді. Біз үшін бұл өзгерістерді жалпыұлттық диалог арқылы жүзеге асыру өте маңызды. Осы мәселеге байланысты Парламенттің рөлі әлдеқайда жоғары болмақ. Сондықтан келе жатқан Парламенттік сайлауға мен өзім Мемлекет басшысы ретінде айрықша мән беріп отырмын. Бұл сайлау еліміздің заңына сәйкес әділ және ашық өтуге тиіс, – деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың мемлекет басқару ісіне қатысу мүмкіндігін біртіндеп арттырып жатқанымызды және Конституциялық реформалар арқылы көптеген өзгеріс жасағанымызды атап өтті.

-Күшті Парламенті бар Президенттік республика жүйесіне көштік. Президенттің жақын туыстарына жоғары лауазымдарды иеленуге тыйым салынды. Ал Президенттің өзі қызметін атқарған кезде ешбір партияға мүше болмауға тиіс. Бұл талап заң жүзінде бекітілді. Мемлекет басшысы саяси күштердің бәрінен тысқары тұрады. Енді Президент 7 жылдық мерзімге бір рет қана сайланатын болды. Яғни, билікті жеке-дара иеленуге жол берілмейді. Жоғары лауазым иелері ауысып отырады,  – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: ашық дереккөздерден.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz