СҚО әкімдігінде кезекті отырыс өтті

Авторы: Qyzyljar News

Өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың жетекшілігімен облыс әкімдігінде құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Алқалы жиында 2022 жылғы қылмыстың жай-күйі, полицияның сервистік моделін енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау нәтижелері талқыланды.Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы Сергей Перов облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасымен қамтылған мәселелерді қарау жөніндегі комиссия жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, оның айтуынша, биыл мамандар кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін тәуекелдерді жою жұмыстарына баса назар аударады. Осы орайда аймақ басшысы Айдарбек Сапаров жергілікті атқарушы органдар мен жұртшылықтың ресурстарын біріктіру маңызды екенін атап өтті.

– Биылғы жылы біз жақсы дайындалуымыз керек. Жылдың басынан ведомствоаралық комиссияны уақытында өткізіп, квартал сайын бүкіл жасаған анализдерді, жұмыстарды орнына келтіру қажет. Сондықтан, бүкіл әкімдерге осындай тапсырма беремін.. Сәтжан Әйтенұлы, осыны назарда ұстаңыздар,-деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларының тиімділігін арттыру үшін барлық мемлекеттік органдар техникалық спецификацияны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен келісу қажет деп атап өтті мамандар.

Фото: СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz