СҚО-да студенттерге жатақхана жетіспейді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста 2800-ге жуық студент жатақханаға мұқтаж. Бұл мәселені шешу мақсатында осыдан 5 жыл бұрын мемлекеттік жоба қолға алынды. Оның нәтижесі туралы өңірге іс-сапармен келген Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Қаржы орталығы» АҚ өкілі Қайсар Төлепбаев айтып берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Елімізде 2018 жылдан бері 40 мыңға тарта төсек орны бар жатақхана қолданысқа тапсырылған. Жүйенің ерешелегі – инвестор студенттер үйін тұрғызады немесе ескі нысанды қалыпқа келтіреді. Кейін мемлекет тарапынан студенттердің санына байланысты кәсіпкерге төлем жасалады. Ол 6 жыл көлемінде жүзеге асырылады. Яғни, осы уақыт аралығында мемлекеттен инвесторға ай сайын белгіленген қаржы аударылып тұрады. Ал егер нысан қайта жөнделсе, мерзім тағы 2 жылға ұзартылады.

– Қазіргі таңда елімізде 63 мыңнан астам жас жатақханаға зәру. Республика бойынша Солтүстік Қазақстан облысы 5-ші орынға тұрақтады. Өңірімізде 2800-ге жуық азамат жатақханаға мұқтаж, – деді ҚР ҒЖБМ «Қаржы орталығы» АҚ өкілі Қайсар Төлепбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz