Облыста 130 жасқа шағын несие беріледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста жастарды шағын несиемен қамту мәселесі шешіледі. Биыл жас кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсету мақсатында 650 млн. теңге бөлінеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған бағдарлама іске қосылды. Оның аясында кәсіп ашам деушілерге Үкімет тарапынан көмек көрсетілмекші.

– Бүгінгі таңда түрлі салада кәсіп ашуға бел байлағандар бар. Араларында ауыл шаруашылығымен айналысатындар да көп. Жалпы осы жылы облыста 130 азаматқа шағын несие беру көзделген. Бұл мақсатқа 650 млн. теңге бөлінді, – дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ринат Елжасов.

Мал шаруашылығы саласында кәсіп бастауды жөн көргендерге шағын несие 7 жылға дейін, өзге салаларда өз ісін бастайтындарға 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Жастарға ұсынылатын қаржының көлемі 5 млн. теңге. Несиенің жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрамақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz