СҚО әкімі: «Халықтың мәселелері міндетті түрде шешімін табады»

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Уәлиханов және Ақжар аудандарына барды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңір басшысы Айдарбек Сапаров алдымен облыс орталығынан шалғайда орналасқан Бидайық ауылына барып, елді мекеннің тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ жергілікті тұрғындармен тілдесіп, көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап берді.

– Биыл Бидайықта көптеген жұмыстар атқарылмақ. Ауыл көшелеріне асфальт төсеу жұмысы басталып кетті. Сондай-ақ, Бидайықта су тарату желілері тартылып, мектепті жөндеуге қаржы қарастырылмақшы, – дейді СҚО әкімі.

Кейін облыс әкімі Ақжар ауданындағы Восход ауылының тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Белгілі болғандай, елді мекенде көптен бері Мәдениет үйі жөндеу көрмеген. Өңір басшысы бұл сұрақты шешу мақсатында бюджеттен қажетті қаражат бөлінетінін жеткізді. Бұдан бөлек Айдарбек Сапаров ауылішілік жолдар жөнделіп, мектеп те жаңартылатынын алға тартты.

– Ұлттық жоба аясында келесі жылы медициналық пункт салынады. Ауылда кәсіпкерлікті де дамытуға жағдай жасалған. Қазіргі уақытта наубайхана ашылып, тұрғындарды нан және кондитерлік өніммен қамтамасыз етуде, — дейді Айдарбек Сапаров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz