Абай облысында жоғалып кеткен тракторшының денесі табылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Абай облысындағы өрт кезінде жоғалған тракторшының денесі табылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

 

10 маусымда із-түзсіз жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны Сергей Архиповтың денесі зорлық-зомбылық белгілерінсіз, өрт сөндірілген жерден 50 шақырым жерде табылды.

— Ер адамның денесін қызметтік ит тапты. Ол Абай облысы ПД-нің кинологиялық есебінің құрамында жұмыс барысында сигнал беріп, трактор табылған жерден орман жолағына дейін ер адамның жолымен жүрді, — дейді Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, процестік шешім соның нәтижелері бойынша  қабылданады.

— Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды, — дейді Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Далон орман шаруашылығының тракторшысы Сергей Архипов 10 маусымда ормандағы өртті сөндіруге аттанып, хабар-ошарсыз кеткен.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz