«Ұлттық қор – балаларға» жобасының операторы ретінде БЖЗҚ белгіленбек

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Ұлттық қор – балаларға» жобасының операторы ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) белгіленбек. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Үнзила Шапақ айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша көпжылдық тәжірибені және мемлекеттік дерекқорлармен жедел ықпалдасу мүмкіндігін ескере отырып, жоба («Ұлттық қор – балаларға») операторы ретінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ны белгілеу жоспарланып отыр», — деді кейбір заңнамалық актілерге Ұлттық қордан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын таныстырған Үнзила Шапақ.

Оның атап өтуінше, БЖЗҚ:

– ақпараттық жүйеде нысаналы талаптарға қатысушылардың талаптарын есепке алу;

– нысаналы жинақтарды алушыларға жинақтау шоттарын ашу;

– нысаналы жинақтау шотындағы жинақтарды есепке алу;

– нысаналы жинақтарды төлеу;

– жеке тұлғалардың дербес деректерін Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен Дербес деректер субъектілерінің келісімінсіз жинау және өңдеу;

– БЖЗҚ интернет-ресурсы және электрондық үкімет веб-порталының жеке кабинеті арқылы нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтардың сомасы туралы мәліметтерді ұсыну функцияларына ие болады.

Осылайша, қаралып отырған заң жобасы Мемлекет басшысының 2024 жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосуға қатысты тапсырмасын іске асыру үшін қажетті жағдай тудырады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz