Солтүстік Қазақстан облысында бір жылда күріш 50 пайызға қымбаттады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында шілдеде инфляция деңгейі біршама төмендеді. Дегенмен жыл бойғы көрсеткіштерге қарасақ азық-түлік өнімдері мен қызметтерге бағаның айтарлықтай өскені байқалады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросы департаментінің мәліметінше, шілдеде облыста инфляция 15,4 пайызды құрады. Маусым айында бұл көрсеткіш 15,9 пайыз болды..

Өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда азық-түлік тауарлары мен ақылы қызметтер 15 пайызға, азық-түлік емес тауарлар 16 пайызға қымбаттады.

Бір жылда күріш 50%-ға, нан және ұннан жасалған кондитер өнімдері – 31%-ға, сүт өнімдері – 19%-ға, алкогольсіз сусындар мен шұжықтар – 18%-ға, қырыққабат – 14%-ға, сәбіз – 8%-ға қымбаттады. Алкоголь және темекі өнімдерінің бағасының өсуі 17%-ды құрады.

Қант бағасы шамамен 7 пайызға арзандады. Жаңа піскен көкөністер небәрі 3 пайызға арзандады. Оның ішінде қызанақ пен қиярдың бағасы айтарлықтай төмендеді – сәйкесінше шамамен 16% және 14%.

Баллондардағы сұйытылған газдың бағасы 19%-ға, тұрғын үй-жайларды күтіп ұстауға және жөндеуге арналған материалдар – 17%-ға, киім-кешек пен аяқ киім – 15%-ға, фармацевтикалық өнімдер – 14%-ға жуық, бензин бағасы – 12%-ға өсті.

Шаштараз, көлік және ұялы байланыс қызметтері де 3-12 пайызға қымбаттады. Қоқыс шығару қызметінің құны екі еседен астам өсті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz