Мереке күндерінің тізімі бекітілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Үкіметтің 27 шілдедегі қаулысымен мереке күндерінің тізбесі бекітілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа тізімде 19 мереке бар:

 

Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылған күні – 15 ақпан

Алғыс айту күні – 1 наурыз

Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр

Мемлекеттік рәміздер күні – 4 маусым

Әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі

Ұлттық домбыра күні – шілденің бірінші жексенбісі

Абай күні – 10 тамыз

Спорт күні – тамыз айының үшінші жексенбісі

Семей ядролық полигонының жабылған күні – 29 тамыз

Білім күні – 1 қыркүйек

Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні

Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі

Қарттар күні – 1 қазан

Нан күні – 16 қазан

Энергияны үнемдеу күні – 11 қараша

Ұлттық валюта күні – теңге – 15 қараша

Тұңғыш Президент күні – 1 желтоқсан

 

2023 жылғы сәуірде «Мерекелер туралы» заңға түзету енгізіліп, оған сәйкес мереке күндерінің тізбесін белгілеу өкілеттігі Үкіметке жүктелді. Ал кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту функциялары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді. Сондықтан қабылданған түзетулермен барлық кәсіби мереке бұрын қолданыста болған мерекелер тізімінен алынып тасталды.

 

Айтпақшы, «Мерекелер туралы» Заңда ұлттық және мемлекеттік мерекелердің де тізімі бар.

Ұлттық мереке – 25 қазанда тойланатын Республика күні.

 

Мемлекеттік мерекелер:

 

Жаңа жыл – 1-2 қаңтар;

Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз;

Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз;

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – 1 мамыр;

Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр;

Жеңіс күні – 9 мамыр;

Астана күні – 6 шілде;

Конституция күні – 30 тамыз;

Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан.

 

Қазақстанда ұлттық және мемлекеттік мерекелер тойланатын күндер мереке күндері болып танылады және жұмыс күні болып есептелмейді.

 

Өз кезегінде кәсіби және басқа мерекелер мереке күндері болып табылады, ал егер олар жұмыс күніне сәйкес келсе, жұмыс күні болып есептеледі.

 

Қаулы 2 тамызда күшіне енді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz