Аудан әкімдерінің сайлауына 12 кандидат тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл, Мамлют және Тимирязев аудандарының әкімдерін сайлау қарашаның 5-сі күні өтеді. Үш сайлау округі бойынша 12 үміткер тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

СҚО сайлау комиссиясының мәліметінше, кеше ғана кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды.  Тіркелген12 кандидаттың үшеуі – «AMANAT», тағы үшеуі ҚХП-дан және қалғаны өзін-өзі ұсынғандар азаматтар.

12 кандидаттың біреуі әйел. Аудан әкіміне үміткерлердің орташа жасы 50-де, ең жасы 32-де болса, ең егдесі – 61-де.

Ұсынылған кандидаттардың 10-ы — мемлекеттік қызметші, екеуі бюджеттік мекемелердің қызметкері. 10 мемлекеттік қызметшінің ішінде: біреуі аудан әкімі, екеуі аудан әкімінің орынбасары, алтауы ауылдық округ әкімі.

Бүгінде 11 кандидаттың сәйкестігі анықталды, 1 кандидат мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес келмейді.

Кандидаттарды тіркеу 10 қазанда аяқталады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz