Петропавлдағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты

Авторы: Qyzyljar News

Қаңтардың 13-і күні «101» пультіне Петропавл қаласындағы 314-атқыштар дивизиясы, 7 мекенжайындағы бір бөлмелі пәтерде өрт шыққаны жайлы хабар түсті. Қызыл жалын 15 шаршы метр аумақты қамтып, үй заттары, жиһаз жанып кетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ТЖД-нің мәліметінше, төтенше жағдай түнгі сағат 3:00-де орын алған.

– Қаланың өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде 5-ші қабаттағы пәтерден түтін шығып жатты. 15 шаршы метр аумақтағы бөлмелердің бірінде жиһаз, үй заттары жанып кеткен. Түтін үйдің барлық қабатына тез тарады. Құтқарушылар 65 адамды қауіпсіз жерге шығарып, арнайы құтқару сатысының көмегімен өрттен 6 адамды құтқарды. Оның 5-уі бала, – делінген хабарламада.

Жалпы өртті ауыздықтауға «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесінің жеке құрамының 37 адамы және 13 техника жұмылдырылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі мен тигізген залалы анықталуда.

Фото: СҚО ТЖД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz