Жазадан жалтара алмады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жазасын қоғамдық жұмыстар арқылы өтеуге кесілген петропавлдық жұмыстан жалтармақ болып пробация қызметі инспекторына пара ұсынған, деп хабарлайды QyzyljarNews.kz тілшісі.

Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше  күдікті  бұған дейін қылмыстық кодекстің  «есірткіні, психотороптық заттарды және олардың баламасын  заңсыз әзірлеу, өңдеу, сатып алу, сақтау және сату мақсатынсыз тасымалдау»  бабы бойынша сотталып, 80 сағат қоғамдық жұмыс арқылы айыбын өтеу туралы жаза тағайындаған. Бірақ, ол жұмыстан жалтармақ болған.

  • Жұмыс күнінің соңында жазасын өтеуші пробация қызметі бөліміне келіп, инспекторға пара ұсынған. Мәселені ақша арқылы шешу туралы ұсынысты бұған дейін де бірнеше рет айтқан. Инспектор келіскен сыңай танытып, департаменттің жеке қауіпсіздік  тобына хабарлап, күдікті 30 мың теңге беріп жатқан жерінде ұсталды, -деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Пара беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Сотталушыға параның 25-30 есесіндей айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz