СҚО-да саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Авторы: Qyzyljar News

Қазақ жеріндегі саяси куғын-сүргін 1928 жылы зиялы қауым өкілдерін тұтқындаудан басталды. Жазықсыз жазаға ұшырағандардың ішінде Әлихан Бөкейханов, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин және жерлесіміз Мағжан Жұмабаев сынды алаштың арыстары да бар. Бұл уақытта Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

2020-шы жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, мамандар тоталитарлық режімнің құрбандарының есімін анықтап, ақтаумен айналысып келеді.

-Жан-жақты деректерді жинақтай отыра біз үлкен мәселелердің көтеріліп жатқанын көреміз.Және қаншама азаматтың ақталмағанын көріп жатырмыз. Бүгінгі күні ақталғандардың саны 8 394. Бұл 93-ші жылдан бері екі есе өсті,-дейді Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова.

whatsapp image 2022 05 31 at 12.43.43whatsapp image 2022 05 31 at 12.43.44

1927-1953 жылдары ел бойынша 125 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады. Оның 25 мыңнан астамы атылды. Ал 1997 жылдан бастап мамырдың соңғы күні саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп белгіленді.

Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz