СҚО-да жыл басынан бері 400-ге жуық өрт тіркелді

Авторы: Qyzyljar News

Биылғы шілде теріскейде өте ыстық, термометр бағаны + 35 градусқа дейін көтерілді. Ыстықтың әсерінен жұрт өзен-көлдерге ағылды.  Апаттың алдын алу мақсатында құтқарушылар күн сайын су айдындарында рейдтер жүргізуде, деп хабарлайды   Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Күн ысығында төнетін қауіптің бірі – өрт.    Жыл басынан бері облыста 394 өрт тіркелді. Нәтижесінде 30 адам қаза тауып, 7 адам  жараланған.

— Биыл  Қызылжар ауданында  49 өрт тіркелді. Олардың басым бөлігі, яғни 35-і тұрғын үй секторында болған. Бұл жалпы өрттің  76,7% — ын құрайды. Сонымен қатар 7 автокөлік өртенді, 4 орман өрті тіркелді, нәтижесінде   28,3 гектар жасыл желекті алқап отқа оранды, — дейді  Қызылжар аудандық  ТЖ бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы  Дулат Шуоманбаев.

Фото: ашық дереккөздерден.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz